Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Көшпенділер жері үздік фильм атанды

AstanaTV
26.04.2021ж. 20:00
1939
Көшпенділер жері үздік фильм атанды

«Оскар-2021» сыйлығының үздіктері белгілі болды. Лос-Анджелес қаласында өткен шарада «Көшпенділер жері» фильмі үздік деп танылды.  Ал фильмнің режиссері Хлоя Чжао үздік режиссура үшін «Оскар» алған екінші әйел адам атанды. Сондай-ақ осы фильмде рөл сомдаған Фрэнсис МакДорманд үздік актриса номинациясымен марапатталды.

Хлоя ЧЖАО, «КӨШПЕНДІЛЕР ЖЕРІ» ФИЛЬМІНІҢ РЕЖИССЕРІ:

 
Біз көшпелі қоғамдастыққа, жолда кездескен барлық адамдарға үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді. Табандылық пен үміттің, нағыз мейірімділіктің қандай екенін еске салып, үйреткендеріңіз үшін көп рақмет.

Ә. Өмірзақ