$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елде киберқылмыс көбейіп барады

AstanaTV
26.04.2021ж. 20:00
1927
Елде киберқылмыс  көбейіп барады

Солтүстік Қазақстан облысында азаматтардың  құжат көшірмелерін пайдалана отырып, онлайн-кредит рәсімдеу жолымен 50 ұрлық  істеген алаяқ ұсталды. Ал Шымкентте  WhatsApp арқылы  алаяқтық жасаған азамат жәбірленушілерге  4 миллион теңгеге жуық материалдық шығын келтірген. Бұл туралы бүгін ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай жағдай еліміздің барлық өңірлерінде бар.  Соңғы үш айда интенет-алаяқтыққа байланысты 6 мыңнан астам қылмыстық іс тіркелген.   Ақша жымқыру мен жеке мәліметтерді алуға, аккаунттар мен электронды шоттарға қол жеткізуге бағытталған әрекеттер жиі кездеседі.  Сондай-ақ   әлеуметтік желі арқылы әртүрлі тауарлар сату тұрғысында жалған жарнама көп.

Қанат  НҰРМАҒАМБЕТОВ, ҚР ІІМ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБСАРЫ:


Instagram әлеуметтік желісіне әйелдер киімін сату туралы жалған хабарландыру жіберген Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта бұл факт бойынша 40 жәбірленуші анықталды, тергеу жалғасуда. Қарағанды облысында ұсталған адамға қатысты қылмыстық істі тергеу барысында Интернетте автобөлшектерді сату туралы жалған жарнама орналастыру арқылы жасалған 23 қосымша алаяқтық анықталды.


Б. Сатуов