Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елде пәтер бағасы қымбаттаса да, тұрғын үй саудасы артқан

AstanaTV
26.04.2021ж. 20:00
1473
Елде пәтер бағасы қымбаттаса да, тұрғын үй саудасы артқан

Елде пәтер бағаларының қымбаттағанына қарамастан   тұрғын үй саудасы артқан. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2,4 есе өскен.  Бұл туралы Finprom.kz агенттігі жария етті. Тұрғын үйлерді сату және сатып алу динамикасы бойынша Маңғыстау облысы көш басында тұр. Үштікті Нұр-сұлтан мен Алматы қалалары түйіндейді.  Ең қымбат баға да осы екі мегаполисте. Пәтердің әр шаршы метрінің орташа құны-324 мың теңге.

Ғалым ЫСҚАҚОВ, ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК АГЕНТТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
    
Февраль-март айында сату жақсы болды, сауда пәтерлер. Жақсы сатылды. Сұраныс көп болды. Енді осы сәуір айында сұраныс төмендеді. Сондықтан бағасы орнынан түседі. Жазға қарай негізі бағалар түседі. Адамдар осы уақытта асығып тұрған жоқ.

Тұрғын үйге қол жетімділік бойынша, Қазақстан еуразиялық экономикалық қауымдастыққа мүше елдер рейтингінде  35 орынға табан тіреген. Бірақ, бұл жағдайды мамандар уақытша құбылыс деп бағалап отыр.  Себебі, жазда баспана бағасы 10 пайызға дейін арзандауы мүмкін.  

Б. Сатуов