Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Елордада ірі желі galmart супермаркеті ашылды

AstanaTV
26.04.2021ж. 20:00
1660
Елордада ірі желі galmart супермаркеті ашылды

Сапалы қызмет пен жаңа өнімді таңдайтындар үшін тамаша жаңалық! Елордада танымал Галмарт желісінің тағы бір сауда нүктесі ашылды.  Mega Silk Way сауда, ойын-сауық орталығында орналасқан жаңа супермаркеттің ерекшелігі көп. Алғашқы тұтынушылар сан-салалы "Галмартқа" жоғары баға берді.

Сапалы қызмет, тауардың сан алуан түрі және тартымды дизайн – бұл жаңа Galmart супермаркетінің ерекшелігі! Бас қаладағы ең ірі сауда және ойын-сауық орталығы Mega Silk Way-де өткен жаңа дүкеннің ашылу салтанаты елордалықтарға үлкен қуаныш сыйлады.
 
Мадина ШАХБУТОВА, «GALMART» БАС ДИРЕКТОРЫ:

Бұл біз және елорданың халқы үшін көптен күткен сәт. Біздің ұжым дүкенімізді тіпті ең талғампаз, талапты клиенттер үшін де тартымды етуге бар күштерін салды.


Жаңа дүкен бұрынғылардан өзгерек. Өнімнің түрлерін көбейту және   супермаркеттің үлгісін жобалау бойынша қыруар жұмыс жүргізілген. Сауда орталығында көңіл-күйді  көтеретін сары түске басымдық берілген.  Тұтынушылар көз қуантатын әдемілікті дүкенге кірген сәттен байқай алады.  Қызмет көрсету сапасы да өте жоғары. Мұның барлығы көпшіліктің көңілінен шықты.

Айдан НАЗАРБЕКОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Дәл осы Galmart-тың ашылғанына қуанып тұрмын. Өйткені, тауарлардың алуантүрлілігі, жағымды интерьер және жоғары санитарлық қауіпсіздікпен қамтамасыз етілген. Бұл қызметкерлердің үлкен алаңда көп адамның жиналуына жол бермеу үшін ойлап тапқан тыыңғылықты әдісі дер едім.


Galmart өз өнімдерін өндірумен әрдайым алда келеді. Оның үстіне, желі көбейген сайын, қызмет көрсету ауқымы кеңейе түсуде.  Жаңа супермаркетте адамға қажеттінің бәрі бар. Азық-түлік, тұрмыстық заттар, дайын тағамдар.... не керек,соның барлығын осы бір жерден  табуға болады.   Тауарлардың қолжетімділігі мен сапасы туралы ақпаратты арнайы таблолардан көруге болады.  Дүкен өте үлкен.   3 мың шаршы метр аумаққа орналасқан. Соның 800 шаршы метрі -өндіріс аймағы.

Айдын КАИМОВ, "MEGA SILK WAY" САУДА, ОЙЫН САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Нарықтың үздік ойыншылары өз бизнестерін дамыту, кеңейту үшін MEGA сауда-ойын-сауық орталығына басымдық береді. Өйткені, біздің сауда орталықтарымыз заман ағымына ілесіп келеді. Әрі нарықтағы бәсекеге қабілеттіліктілігі жоғары.

Galmart-та санитарлық талаптар қатаң сақталған. Әр қызметкер күн сайын міндетті медициналық тексеруден өтеді. Әрі жұмыс орнында мұнтаздай таза киініп, міндетті түрде маска мен қолғап қолданады. Ал, келушілерден әлеуметтік арақашықтықты сақтау талап етіледі, дейді мамандар.

Л. Қуанышқызы