$523.58 €549.71 ₽5.01
×

Серік Ахметов бостандыққа шығуы мүмкін

AstanaTV
06.09.2017ж. 20:00
2338
Серік Ахметов бостандыққа шығуы мүмкін

10 жылға сотталған экс-премьер-министр Серік Ахметов 21 қыркүйекте түрмеден шығуы мүмкін. Бұл туралы Қарағанды облыстық сотында мәлім болды. Судья қалған 4 жылын бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырған. Демек, үнемі бақылауда болады. Алайда, Бас прокуратура сот шешімінің заңдылығын қарайтын болады.

Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

Егер оған кедергі болатын жағдайлар болмаса, мысалы, оның тәртібі қандай болған, шығындардың барлығы өтелді ме екен, тағы да басқа шарттар бар. Соның бәрі талаптары жасалған кезде оны заңды деп есептеуге мүмкін болады.

Еске салсақ, осыдан екі жыл бұрын бұрынғы үкімет басшысына өзгенің мүлкін иемдену, кәсіпкерлікке заңсыз араласу, қызметін асыра пайдалану секілді баптармен айып тағылған еді. 2015 жылы істі болған Ахметов 10 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Кейін мемлекетке келген шығынның 2,2 миллиарды қайтарылған соң, жазасы 8 жылға қысқартылды. Рақымшылыққа ілігіп, жазасы тағы 1 жыл 7 айға қысқартылған болатын.