Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Қордайдағы жаппай тәртіпсіздікке нүкте қойылды

AstanaTV
27.04.2021ж. 20:00
1340
Қордайдағы жаппай тәртіпсіздікке нүкте қойылды

Қордайдағы жаппай тәртіпсіздікке, бүгін Тараз қалалық №2-ші сотында нүкте қойылды. Атышулы қылмыстық іс бойынша 51 адам айыпталды. Олар "Заңсыз қару-жарақ сақтау", Адам өлтіру", "Жаппай тәртіпсіздікке қатысу", "Қарақшылық" баптары бойынша айыпты деп танылды. 455 томнан тұратын қылмыстық істі, сот 5 ай қарап шықты. Сот залында да, ғимарат алдында да адам қарасы қалың болды.     

Сот залында да, ғимарат алдында да адам қарасы қалың болды, тіпті ине шаншар орын болмады. БАҚ өкілдері сот үкімінің онлайн тындады. Айыпталушы орындығында 51 адам отыр. Оның біреуінің кінәсі дәлелденбегендіктен, бүгін 50-іне үкім шықты. Жазаның ең ауырын 62 жастағы Жұмахан Балтабасов арқалады. Оны судья 20 жылға темір торға қамауға шешім қабылдаған.  

Айдарбек ЗАМБАЕВ, ТАРАЗ қ. №2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Жұмахан Балтабасовты жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін, бір топ адамдардың қатысуымен 4 адамды өлтіргені үшін және екі адамның денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Медет Токабай мен Мақсат Солтанаевқа жаппай тәртіпсіздіктер, адам өлтірді, екі адамнан көп адамға атыс қару заңсыз әрекеттерін жасаған үшін, 17 жыл бас бостандығынан әрқайсына сот тағайындады.  

Сондай-ақ, сот тағы 31 айыпталушыға 1 жылдан 5 жылға дейінгі шартты түрде жаза тағайындады. Олардың дені кінәсін мойындап, келтірілген шығынды өтеген. Қалған 19-ы, 5 жылдан 20 жылға дейінгі түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Оларға мұндай жаза кімі өліміне әкеп соққан ауыр қылмыс жасағаны, қару қолданғаны, тонау мен қарақшылық шабуылдар жасағаны үшін қаралған. Алайда, кей сотталушыларда, олардың адвокаттары да судьяның шешімімен келіспеді.

Нұрбек ҚОЖАБЕРГЕНОВ, АДВОКАТ:

Сот менің қорғауымдағы адамға 16 жыл 6 ай берді.  Біз бұл шешіммен келіспейсіз. Соттың әділдігіне, заңдылығына күмәніміз бар. Сот процессі барысында қылмысты қарау кезінде заң бұзушылыққа жол берілген. Оған өзім куәмін.  

Бұдан бөлек, сот залынан шартты жазамен 30 адам босап шықты. Мемлекеттік айыптаушылар болса сотталушылардың кінәсі толықтай дәлелденгенін айттты.

Айдарбек ЗАМБАЕВ, ТАРАЗ қ. №2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Босатуға жататын тұлғаларды сот хаттамасымен танысып, соттың үміміне шағым келтіруге құқылысыздар. Мағанда ескертпе беруге құқұлысыздар. Осымен сот отырысы аяқталды.  

Еске сала кетейік, былтыр 7-ші ақпанда Қордай ауданына қарасты Сортөбе ауылында жаппай тәртіпсіздік болған еді. Қарулы қақтығыс салдарынан 10 адам ажал құшып, 158 азамат, оның ішінде құқық қорғау органында істеген 20 адам әртүрлі дене жарақатын алған. 156 жылжымайтын мүлік қиратылып, 102 автокөліктің түгі қалмай өртеніп кеткен болатын.   

Б. Жұмабайұлы