Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Алматыда жалған вакцинация паспортын сату бойынша тергеу басталды

Алматыда жалған вакцинация паспортын сату бойынша тергеу басталды

Алексей Цой Президенттің тапсырмасын орындады. Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандардың саны 1 миллионнан асты. Бұл-денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты. Екпе салдыру бойынша Алматы қаласы көш басында.  200 мыңдай адам вакцина алған. Бірақ екпені бизнеске айналдырғандар да шығып жатыр. Толығырақ әріптесім Асылбек Даниярдың материалында.

Вакцинация паспортының құны -  15 мың теңге. Таңдалған клиникаға байланысты онан  жоғары да баға бар. Алматылық алаяқтар өтірік  электронды құжат жасап, пайда  тауып үлгерген. Бірақ қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы "көлеңкелі" бизнестің артында кім тұрғанын анықтап жатыр.

Лаура МЫРЗАҒАЛИ, АЛМАТЫ қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ УАҚЫТША МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Осы ақпарат бойынша өзімізде қызметтік тексеріс басталды. Бұл қызметтік тексерістің барысы жөнінде сіздерге хабардар етіп тұрамыз. E gov-та вакцина паспорты сатылды деген ақпарат негізді емес. Қызметтік тексеріс болғаннан кейін 1 апта көлемінде бітіріп қалармыз.


Алматыда індет ушығып тұр. Мегаполистегі қорым уақытша жабылады.  Жандарбек Бекшиннің айтуынша, министрліктің "пессимистік" болжамы тура келді.  Ауру жұқтырғандардың дені- 20-39 жастағылар. Сонымен бірге, қалада коронавирустың мутацияға ұшыраған түрлері тез тарауда. Санитарлық дәрігер "даниялық" штаммға тексеріс басталғанын жеткізді.  

Жандарбек БЕКШИН, АЛМАТЫ қ. САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Барлық ел үнді штаммының таралуына үлкен алаңдаушылық білдіріп отыр. Сондықтан, біз жаппай адам жиналатын жерлерді жабуға тырысамыз. Көп адамдар ата-ана күні қарсаңында зираттарға баратынын білеміз. Қала тұрғындарынан бұл датаны басқа уақытқа ауыстыруды сұраймын. Зираттар 1-10 мамыр аралығында жұмыс істемейді.

Сондай-ақ Жандарбек Бекшин Арбаттың жабылуына тұрғындардың немқұрайлығы себеп, дейді. Адамдар маска тағу режимін сақтамайды, қала берді санитарлық талаптардың   біреуі де орындалмайды. Айта кетейік, елде эпид жағдай әлі тұрақсыз. "Қызыл" аймақта қазір- 11 өңір.

А. Данияр