Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қожалықтың әрекетін тұрғындар әшкере етті

AstanaTV
29.04.2021ж. 20:00
2248
Қожалықтың әрекетін тұрғындар әшкере етті

Атырау облысындағы жалғыз баламасыз су көзінің таусылып қалу қаупі бар. Қарабау ауылының халқы осылай деп дабыл қақты. Айтуларынша «Мұздыбұлақ-Қарабау» топтық су құбырын 2012-ші жылы сенімгерлік басқаруға алған шаруа қожалығы, оны есепсіз пайдалануда. Отар қой, табын сиыр мен үйір-үйір жылқысын халық тұтынатын ауыз сумен суарып отыр. Жағдайды бақылауға алмаса, қара суға зар боламыз,-  дейді ашулы ауыл халқы.

Ардақ НҰРМҰХАНОВ, КАРАБАУ АУЫЛЫНЫН ТҰРҒЫНЫ:


3 жыл  болды мына су келмей жатыр. Ойылдың өр суы келген жоқ қой. Енді не істейді, ана жақтың бәрін құртты, мына жақтың бәрін құртты. Енді келіп Мұздыбұлағымыздың суына, біздің күнде таңертең тұрып ішетін, ауызашарға ішетін суымызды құртып отыр ғой. Бермейміз болды!

Мүслима ТЕМЕЛГЕНОВА, КАРАБАУ АУЫЛЫНЫН ТҰРҒЫНЫ:


1000 сиыр суарып отыр 10 жылдан бері. Жерастының байлығы, жерастының суы бұл мемлекеттің меншігінде деп ойлаймын және бұны тек ауызсуға пайдалану керек, малға емес. Ал күніне ол кісі 10 жылдан бері:  160 тонна су ішеді сиыры. Ал осыны тоқтатуды, мына суды бермейміз біз сол үшін жиналдық.


Тұрғындардың айтып отырғаны Қарабау ауылынан 17 шақырым  жерде орналасқан «Асыл-Агро» шаруа қожалығы. Қожалық соңғы он жылдан бері мал шарауашылығымен айналысады. Тұрғындарың наразылығынан соң аудан әкімдігі тараптармен жиын өткізді. Нәтижесінде қожалық иесі сенімгерлікке алған уақыты бітпесе де, топтық су құбырын мемлекетке қайтаруға келісім берген.

Айдулат КЕНЖЕБЕКОВ, ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Қазіргі таңда «Асыл-Агро» шаруа қожалығына бара жатырған су құбыры желісі үзілді. Ажыратылды. Сонымен қатар Мұздыбұлақ-Қарабау  топтық су құбырын республикалық меншікке беру жөнінде ұсыныс хат министрлікке жолданды. Министрліктен жауап күтіп отырмыз. Келісім алынған жағдайда құжаттарын рәсімдеу арқылы республикалық меншікке беру  жұмыстары жүргізілетін болды.

 Б. Нәдірқызы