Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қазақстанда бір күнде 76 мыңға жуық адам екпе салдырды

AstanaTV
29.04.2021ж. 20:00
1924
Қазақстанда бір күнде 76 мыңға жуық адам екпе салдырды

Елімізде бір күнде 76 мыңға жуық адам екпе салдырды. Бұл-рекордтық көрсеткіш. Ал вакцина алғандардың жалпы саны  миллионнан асты.  Денсаулық сақтау министрлігінің  мәліметінше, алғашқы дозаны алғандар 1 млн 093 мың адам. Бұл -халықтың 5,8 пайызы. Ал 225 мыңнан астам адам қос  дозаны да ектірген.  Халықтың белсендігі жақсы. Түркістан облысында бір тәулікте 12,3 мың адам екпе алса, Алматыда 9,4 мың, Шымкентте 6,9 мың адам вакцина салдырған.  Алматы және Қарағанды облыстарында да вакцинациялау қарқынды жүріп жатыр. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетованың айтуынша, короновирусқа қарсы екпе алғандардың қатары артқан сайын жеңілдіктер қарастырылатын болады. Вакцинаның екі компонентін де салдырғандардан  ПТР тест талап етілмейді.  Шетелге анықтамасыз шығуға  да рұқсат берілуі мүмкін.   

Л. Қуанышқызы