Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Павлодарда 6 жылдан бері жыры бітпеген көпірге қаражат бөлінбей тұр

AstanaTV
29.04.2021ж. 20:00
2533
Павлодарда 6 жылдан бері жыры бітпеген көпірге қаражат бөлінбей тұр

Павлодарда құрылысы басталмай жатып, тоқтап қалған республикалық маңызы бар көпірдің жыры бітер емес. Мердігер бұған қаражат қолбайлау болып тұрғанын айтты. Бұл өз кезегінде құрылысшылардың жұмысына да тұсау салған. Тақырыпты аймақтағы әріптесім Өзгеріс Қуанар тарқатады.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Орталық пен Шығысты қосатын бұл көпір құрылысы осыдан 6 жыл бұрын басталған. Алайда, жобалаушылардың қателігінен құрылыс тоқтап қалды. Бұл көлік қозғалысына қиындық тудырған болатын.

Мына жер Елорда, Өскемен, Семей бағыттарындағы көліктердің түйісетін орыны.

Еркеғали ЖАНҒАЗЫ, МОНИТОРИНГТІҢ ТОП МҮШЕСІ:

Астанадан Өскеменге шыққан адамға мына жерден кедергісіз өтем деген адамға міне жерден ыңайсыздық қолайсыздық туғаны анық.  Одан бөлек мына жерден бұрылатын ыңғайсыз жер бар. Сол жерден апаттық жағдай туындауы мүмкін. Туындады да ол белгілі. Мына жерден өтіп бара жатқанда топырақтың өзі қаланың теріс көркін беріп тұр.

Көпір құрылысын жобалаушылар, өрескел қателікке жол берген. Ол заң тұрғысынан дәлелденіп, жолбаушылар қаражатты қайтарған.

Ермұрат НҰРХАНОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мына асфальт салу жұмыстары салынғанбаған есептелінбеген 1 шақырым. Көпірдің астыңғы биіктігі дұрыстау емес. 3-ақ метр. Үлкен машиналар өте алмайтындай қылып жасаған. Сондықтан қайта коректировка жасалды жоба.

«ҚазАвтоЖол» өкілдері көпір құрылысының бір бөлігін биыл аяқтаймыз - деп отыр. Мердігер жұмысқа кіріскен. Алайда, қаржылық қиындық құрылысты толық аяқтауға мүмкіндік бермей тұрғанын айтты.

Ренат ГАДЕЛЬШИН, МЕРДІГЕР:

Бізге қазір бөлініп тұрғаны тек ғана 1 млрд 800 млн теңге. Ал жұмысты толық аяқтау үшін әлі 4 млрд-тан астам қаражат керек. Қаражат уақытылы бөлінсе, бізде жұмысты уақытылы аяқтар едік. Өйткені, менде құрылыс материалдарын алатын одан артық ақша жоқ. Қаражат жағын тезірек шешсе, жақсы болар еді.


Көпірі құрылысы 11 млрд. теңгеге бағаланған. Күні бүгінге дейін 6 млрд-ы игеріліп қойыпты. Ал қалған қаражаттың республикалық қазынадан қашан бөлінері белгісіз. Үлкен көлік дәлізі әлдеқашан салынып бітсе де, жалғыз көпірдің құрылысы бітер емес.   

Ө. Қуанар