$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Вакциналау паспорты қазақстандықтарға қандай мүмкіндік береді?

AstanaTV
30.04.2021ж. 20:00
4007
Вакциналау паспорты қазақстандықтарға қандай мүмкіндік береді?

Вакциналау паспортының артықшылығы бар ма? Денсаулық сақтау министрі, бүгін халыққа есеп берген жиында осыған жауап берді. Айтуынша, коронавирусқа қарсы екпе алғаны туралы мәліметтер, халықаралық деңгейде танылуы мүмкін. Қазір осы бағытта келіссөздер жүріп жатыр, - деді. Айтпақшы, 1-шілдеден бастап вакциналау паспортын «Ashyq» қосымшасынан көруге болады.

Алексей ЦОЙ,  ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:


Вакцинация паспорты препараттың 2 компонентін қабылдаған бойда беріледі. Қазіргі уақытта екпе алғанын растайтын құжатты интеграциялау үшін IATA Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен ынтымақтастық мәселесі қарастырылуда.


Енді шетелдік студенттер мен еңбек мигранттары да, қазақстандықтармен тең дәрежеде коронавирусқа қарсы екпе салдыра алады. Бүгінгі күні вакцина алғандардың саны 1 миллион 200 мыңға жақындаған. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта да артуы мүмкін. Өйткені, халықта таңдау мүмкіндігі кеңейе түспек. Қытайлық вакцина жеткізіліп, барлық өңірлерге таратылмақ. Айта кетейік, республика бойынша эпид ахуал мәз емес. Індет жұқтырғандар көбейіп келеді.

Алексей ЦОЙ,  ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:


Үкімет елде төтенше жағдай немес карантин талаптарын қатаңдату туралы қарастырып жатқан жоқ. Бірақ төтенше жағдай режимін Мемлекет басшысы ғана енгізе алады. Шешімді мемлекеттік комиссия шығарады. Локдаун қандай кезде енгізіледі? Мемлекеттегі эпидемиологиялық ахуал өршіп кетсе, ауруханалардағы төсек-орынның 70%-ға толса, денсаулық сақтау жүйесіне ауыртпалық түседі. Міне, осы кезде қатаң карантин орнатылады.

А. Данияр