Ауыл мектептерінде білім алатын 5 және 6-сынып оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасының екінші кезеңі басталды. Жоба Тұңғыш Президент-Елбасын Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ел үміті" - талантты жастарды анықтау және қолдау бастамасы аясында қолға алынған. Бірінші кезеңде оқушылардың танымдық ойлау деңгейі анықталды. Карантинге байланысты ол онлайн ұйымдастырылған болатын. Енді екінші кезең өңірлерде санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, офлайн режимде өткізіліп жатыр. Айта кетейік, сыннан сүрінбей өткен ең үздік мың оқушыға еліміздегі дарынды балаларға арналған жетекші мектептерге жолдама беріледі.
Айжан АРШАБАЕВА, «ЕЛБАСЫ АКАДЕМИЯСЫ» КҚ ЖОБА ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:
Елбасы өзіміз білетіндей, ауыл мектептің оқушыларына жағдай жасауға барлық мүмкіндіктерін жасап жатыр.Биыл «Мың бала» олимпиадасы екінші рет өтіп жатыр. Бізге тіркеу берген балалардың саны 150 мыңдай. Бұл барлық 5 және 6 сынып оқушыларының 50 пайызы біздің республикадағы.
Б. Сатуов