Жыл сайын темекінің кесірінен шамамен 18 мың қазақстандық бақилық болады. Ал әрбір жетінші өлім, алкогольдік ішімдік пайдаланатындарға тиесілі. Мұндай дерек, «Nur Otan» партиясының жанынан құрылған Ұлт денсаулығы кеңесінде белгілі болды. Қазақстанда жарнамаланатын өнімдердің 80%-ға жуығы – фаст-фуд, құрамында қанты бар сусындар,-деді кеңес төрайымы Лариса ПавловЕц. Бұл халықтың денсаулығын едәуір нашарлатады. Сондықтан, мұның алдын-алу үшін зиянды тауарларға акциздік салықтарды арттыру мәселесін көтерді.
Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Денсаулық туралы Кодекс пен денсаулық сақтау жүйесін одан әрі қатайтатын кез келді. Халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында жасалатын шараларды жандандыра түсу қажет. Бұдан лайықты нәтиже ала алатынымызға сенімдімін.
Денсаулық сақтау – сайлауалды бағдарламаның маңызды блоктарының бірі. Оған Жол картасының 23 индикаторы бағытталған. Мәселен, 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысын 2,5 есе арттырып, денсаулық сақтауды қаржыландыру көлемін ЖІӨ-нің 5%-іне дейін жеткізу міндеті қойылып отыр. Отырыс барысында Кеңес мүшелері медицина ұйымдарының инфрақұрылымын өңірлерде, әсіресе ауылдық жерлерде жақсартуға бақылауды қамтамасыз ету шараларын қарастырды.
Лариса ПАВЛОВЕЦ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Медицина кадрларын даярлау мониторингі, еңбекақыны арттыру, медицина ұйымдарының инфрақұрылымын жақсарту мәселелеріне назар аудару қажет. Оның ішінде ауылда құрылыс, медициналық техниканы жарақтандыру, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету бөлігінде.
Ғ. Өтемісов