Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ағатайлар тендер ойнап жүргенде, балақайлар мектепсіз қалды - Б.Сағынтаев

AstanaTV
05.09.2017ж. 20:00
3969
Ағатайлар тендер ойнап жүргенде, балақайлар мектепсіз қалды - Б.Сағынтаев

"Ағатайлар тендер ойнап жүргенде, балақайлар мектепсіз қалды". Құрылысы уақытында аяқталмаған білім ошақтары туралы премьер-министр Бағытжан Сағынтаев осылай деді. Тендердің кешігуінен "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша Ұлттық қордан бөлінген қаражат игерілмей, кері қайтпақ. Премьер орынбасарларына осы мәселені түбегейлі шешуді  тапсырды. Сондай-ақ Үкіметте жылу маусымына дайындық барысы пысықталды. Мөлдір Бақыт-қызы тарқатады.

Елімізде жыл соңына дейін 106 білім беру мекемесі салынуы керек. 52 мектеп қыркүйекте  қолданысқа берілді. Біреуі жаңа оқу жылына үлгермей қалған. Ол ШҚО-да. Ал үш өңірде он мектепке бөлінген қаражат сол күйі игерілмей, Ұлттық қорға кері қайтатын болды. Себебі бір - тендер өткізу кешіккен. Сірә, тым ұзақ таласқа түссе керек.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Пока взрослые дяди играют в тендер, дети страдают. Надо что-то делать с этим. Дети хотят учиться в новых школах.

Білім ошақтарын салуға қаржы "Нұрлы жол" аясында Ұлттық қордан бөлінген. Игерілмеген қаржат көлемі 3 млрд теңге. Бұған жол берген қай өңірде, қай әкім екенін Сағадиев айтып берді.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

Ақмола облысы 759 млн теңге. Шучье қаласында құрылыс компаниясымен соттасып жатыр. Маңғыстауда 4 мектепке 1,5 млрд теңге қаралған. Тендерді кешіктіріп отыр. Оңтүстік Қазсқтанда 5 мектеп бойынша 600 млн теңге мемлекеттік сатып алуға арызданып, қайта қаралып жатыр.

Жылу маусымына дайындық барысы да мәз емес. Бозымбаевтың  айтуынша, 4 өңір қысқа қамданып үлгермей жатыр. Теміртау қаласы мен Павлодардағы жылу орталықтары жөнделіп бітпеген. Ал Маңғыстаудағы газ құбырлары жаз бойы 12 рет істен шыққан. Шымкенттегі 3-жылу орталыққа жарты жылдан бері газ беру тоқтатылған. Өйткені өңір "Қазтрансгазаймақ" алдында қарыз. Жалпы тасымалдаушы компанияға 3 облыс 3,8 млрд теңгеге бершек.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Үшінші энергоорталық  Шымкент - 1,5 млрд теңге. Алматы теплокомэнерго - 4 73 млн теңге, Актөбе ТЭЦ  - 365 млн теңге. "Жайық теплоэнерго»  Уральск - 101 млн теңге.

Әкімдер жылу маусымы басталғанша, яғни қазан айына дейін, қордаланған қарызды қайтарамыз деп отыр. Премьер-министр солтүстік облыстарда небәрі бір айдан соң қыс түсетінін ескертіп, мәселені қатаң бақылауға алуды тапсырды. 

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ