Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Өзбекстанда ұлттық валюта екі есе құнсызданды

AstanaTV
05.09.2017ж. 20:00
5491
Өзбекстанда ұлттық валюта екі есе құнсызданды

Өзбекстан сомы құнсызданды. Елдің Орталық банкі ұлттық валютаны екі есеге девальвациялады. Интерфакстің хабарлауынша, қазір әрбір доллар 8,1 мың сомға тең. Бұған дейін АҚШ доллары 4,2 мың сомға саудаланды. Осылайша, өзбек сомының құны 92,38 пайызға төмендеді.

Енді ұлттық валюта бағамы сұраныс пен ұсынысқа негізделмек. Орталық банк әр дүйсенбі сайын валюта бағамын бекітеді. Елдегі тауарлар мен қызметтердің барлығы тек соммен есептелмек. Бұл талапты алғашқы болып байланыс қызметіне жаңа тариф енгізген мобильді операторлар орындады. Ал тауарлары мен қызметтерін импорттайтын, несиесін өтейтін және іссапар шығындарын аударатын заңды тұлғаларға шектеусіз көлемде шетел валютасын сатып алуға рұқсат етілген.