$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Оқушылар тыл ардагерлеріне құрмет көрсетті

AstanaTV
06.05.2021ж. 20:00
1975
Оқушылар тыл ардагерлеріне құрмет көрсетті

Елордадағы №85 мектеп-лицейінің оқушылары  мереке қарсаңында тыл ардагерлеріне   құрмет көрсетті. Адамзат жүрегіне айықпас жара салған екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тылда еңбек етіп, елдіктің үлгісін көрсеткен Секер Нығметқызы қазір 99-да.  Ел басына күн туған сәтте  ол  19 жастағы бойжеткен еді.  Майдан даласына киім-кешек, азық-түлік жөнелтуге атсалысты, жеңісті жақындатуға үлес қосты. Ғасыр жасаған кейуананың ендігі тілегі-бейбіт өмір, ашық аспан, тату тірлік.

Секер НЫҒМЕТҚЫЗЫ, ТЫЛ АРДАГЕРІ:

Аяқтарың дегеніне жетсін,ойлаған ойларыңа жетіңдер. Жақсы оқыңдар, тәртіпті болыңдар.


Нұр-Сұлтан қаласында 25 соғыс , 2204 тыл ардагері бар.   Соның бірі - Полина Тілегенова да мектеп ұжымының  құрмет төрінен көрінді.  Тоқсаннан асқан кейуана бүгінгі күніне шүкіршілік етеді. Енді зұлмат соғыс болмасын дейді.  

Айгүл КЕНЖИНА, №85 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ  МҰҒАЛІМІ:

«№85 мектеп-лицей» ұжымының бастамасымен осы мереке қарсаңында тыл ардагерлерін мерекелерімен құттықтап,аз да болса көңілдерін көтеріп қайтайық деп. Себебі қазіргі кезде тыл ардагерлері, қарияларымыздың саны азайып бара жатыр.


 Б. Сатуов