Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Солтүстік Корея қалай да ядролық бағдарламадан бас тартпайды - В. Путин

AstanaTV
05.09.2017ж. 20:00
2733
Солтүстік Корея қалай да ядролық бағдарламадан бас тартпайды - В. Путин

«Солтүстік Корея қалай да ядролық бағдарламадан бас тартпайды». КХДР айналасындағы дауға қатысты БРИКС саммитінде пікір білдірген Ресей президенті осылай деді. Владимир Путин: «Шиеленісті диалогпен шешу керек, жалғыз жолы осы ғана», - деді.

Бұл ойды БҰҰ да ұстанып отыр. Ұйымның бас хатшысы Антониу Гутерриш, Қауіпсіздік қызметі КХДР-ға қатысты бірлігін көрсетіп, соған сай әрекет ететін болады, деген. Мұны ұйым басшысының саяси сұрақтар жөніндегі орынбасары Джеффри Фелтман айтты. Оның айтуынша, ол үшін батыл дипломатия қажет.

Еске салайық, жексенбіде Пхеньян 6-шы ядролық бомбаны сынақтан өткізді. Соңғы жарылған зымыранның күші 100 килотоннаны құрады. Әлемдік қауымдастық бұл әрекетті айыптады. Ал АҚШ алғаш рет одақтастары Жапония мен Оңтүстік Кореямен бірлесіп, атом қаруын қолдануға дайын екендігін мәлімдеді.