Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Жеңістің 76 жылдығына ерекше тарту жасады

AstanaTV
11.05.2021ж. 20:00
1231
Жеңістің 76 жылдығына ерекше тарту жасады

"Жеңіс салтанаты". Осындай атаумен Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театры көрермендерге мерекелік тарту жасады. Концерт-спектакль екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 76 жыл толуына орай ұйымдастырылған. Іс-шарада майдан даласындағы жауынгерлерге рух берген әндер мен  сағынышқа, сезімге, махаббатқа толы әуендер   симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен орындалды.   

Театрдың бас хормейстері мерекеге арнап ерекше номерлер ұсынды. Бірі - Аманжол Шамкеновтің сөзіне жазылған "Ана туралы баллада". Екіншісі - Мұқағали Мақатаевтың "Мен сендерді іздеймін" шығармасы. Амантай Жұмашев, бұл әнді Бауыржан Момышұлының рухына арнаған.  

Амантай ЖҰМАШЕВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:


Өйткені майданнан аман-есен оралды Баукең ағамыз. Сол Баукең ағамыздың мәңгілік алаудың алдында тұрып бір минуттық үнсіздік кезінде майдандастарын еске алатын сәті. Осылай деп түсіндіріп, сол үшін қойдым.

А. Данияр