Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Грузияда қайтыс болған Ә.Айтбаеваның анасы мәлімдеме жасады

AstanaTV
11.05.2021ж. 20:00
2133
Грузияда қайтыс болған Ә.Айтбаеваның анасы мәлімдеме жасады

Грузияда қайтыс болған отандасымыз Әсел Айтпаеваның өліміне бірнеше адам кінәлі болуы мүмкін. Оның дерегінше күдіктінің біреуі Қазақстанға қайтып үлгерген. Марқұмның анасы, жергілікті БАҚ өкілдеріне берген сұқбатында осыны айтты. Ол қызының Тбилисидегі үйлердің бірінің 9-қабатынан өздігінен секіріп кеткеніне сенбейді. Өйткені қызымен соңғы рет қайғылы оқиғадан 2 сағат бұрын телефон арқылы тілдескен. Сол кезде Әсел, анасын Грузияға қонаққа шақырыпты.

Айсұлу АЙТПАЕВА, Ә.АЙТБАЕВАНЫҢ АНАСЫ:


Мен оған біреулер қастандық жасады деп ойлаймын. Оған дәлел бола алатын қолымда аудиожазба бар.  Бұл - суицид емес. Әрі Әселді терезеден лақтырған сәтті, көршілердің бірі бейнежазбаға түсіргенін айтты, маған. Қызымның өмірін қиған адам бар болса, полиция бөліміне келуді сұраймын. Бүгін кешке қызымның денесін елге әкетемін.


Марқұмның жақындарының айтуынша, Әсел Айтпаеваны жерлеу, 13-ші мамыр күні, елорданың іргесіндегі Қабанбай батыр ауылында өтеді. Еске салайық қазақстандық бойжеткен жуырда Грузияда жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Марқұм сәуірдің аяғында танысының шақыртуымен шетелге жұмыс істеуге аттанған болатын.

Л. Қуанышқызы