Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қазандағы атыс: 13 адам қаза тапты

AstanaTV
11.05.2021ж. 20:00
2858
Қазандағы атыс: 13 адам қаза тапты

Татарстан астанасында № 175 мектепте атыс болып, 13 адам қаза тапты.   20-дан астам адам жарақат алған.  Оқиға бүгін таңертең болды.  Екі ер адам ғимарат ішіне кіріп, оқ жаудырған. Шабуыл жасағандардың бірі ұсталды, ал екіншісі өлтірілді. Тұтқындалған 19 жастағы жеткіншек, жауап алу кезінде, өзін «құдаймын» деп жариялағанын және «барлығын жек көретінін» мәлімдеген. Толығырақ алдағы сюжетте.

Алдымен оқиғадан 8 адам қаза тапқаны туралы хабарланды. Бірақ кейбір дереккөздердің мәліметінше, қайтыс болғандар саны 13-ке жеткен. Оқиға бүгін таңертең болған.     Мектептің бұрынғы оқушысы білім ордасына суық қарумен баса көктеп кірген.

Бұл сабақтың ортасы болатын.  Мұғалім сыныпқа жүгіріп кіріп, шабуылдаушылардың мектепке қарумен келгенін түсіндірген. Содан кейін мектеп басшысы балаларды сыныптардың есігін жауып тыныш отыруға шақырған. Алайда үрейленген оқушылар, сасып қалған.


Гимназия мыңға жуық оқушыға арналған.  Бірінші құрбан әйел күзетші болған.  Ол шабуылдаушыны ұстауға тырысыпты. Алайда, қаскөйлер кездескен сыныптағы адамдарды атуға кіріскен. Кәугерлердің сөзінше, мектепте тіпті жарылыс дауыстарыда естілген.

Руслан МИННИХАНОВ, ТАТАРСТАН ПРЕЗИДЕНТІ:

Бұл үлкен қиындық.  Біз 7 баладан айырылдық.  4 ұл, 3 қыз.  Олар дәл осы жерде 3 қабатта қайтыс болды.  Қазір ауруханада 16 адам жатыр.


Терорлық жасаған айыпталушы сол мектептің оқушысы болып шықты. Тергеу барысында 19 жастағы Ильназ Галиев өзін құдай санап, бәрін жек көретінін айтқан. Терорлық әрекет жасаған жеткіншек, коледж студенті болған, ол өзінің мұндай теріс мінезін бұрын-соңды ешкімге байқатпаған екен.

Нэлла ПРУС, ТИСБИ РЕКТОРЫ:

Ұқыпты, сыпайы.  Ол ешкіммен достық қарым-қатынаста болған жоқ.  Сабырлы, қарапайым.  Сіз оның қаншалықты тыныш және сабырлы екенін елестете алмайсыз.  Жалпы, мені ешнәрседе байқамады.  Мұны қалай анықтауға болады?

Қазір қаланың барлық қызметтері, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ішкі істер министрлігі және тергеушілер сол жерде жұмыс істеп жатыр.  Тергеу әрекеттері жалғасуда

Светлана ПЕТРЕНКО:

Нәтижесінде адамдар қаза тапқан №175 гимназияға шабуыл фактісі бойынша Ресейдің Тергеу комитетінің Татарстан Республикасындағы тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 105-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.


Тағы бір қаскөй жойылды.  Ұсталған Ильназ Галяевтің есі дұрыс екендігі тексеріледі.  Қазандағы барлық мектептерде қауіпсіздік режимі күшейтілген.  Ертең, қаза болғандар құрметіне 12 мамыр республикада аза тұту күні болып жарияланды.

Б. Сатуов