Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Татарстан халқы мектептегі қырғынның құрбандарымен қоштасты

AstanaTV
12.05.2021ж. 20:00
1410
Татарстан халқы мектептегі қырғынның құрбандарымен қоштасты

Татарстанда бүгін- аза тұту күні. Халық мектепте болған қанды қырғынның құрбандарымен қоштасты. Қаза тапқандар арасында оқушыларын  қорғаймын деп кеудесін оққа тосқан мұғалім Эльвира Игнатьева да бар. Ол -осы мектепте төрт жыл сабақ берген, 2018 жылы "Жыл мұғалімі"байқауында екінші орын   иеленген үздік ұстаз. Эльвираны соңғы сапарға шығарып салу үшін туыстары мен жақындары Самосыроваға жиналды. 

Естеріңізге сала кетейік, кеше 19 жастағы жігіт мектепке кіріп, оқ жаудырған болатын. Ол 8 минутта ондаған адамды атып өлтірген.  7 оқушы мен екі мұғалім қаза тапты.   23 адам жарақат алды.

Ғ.Өтемісов