$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Мәжіліс «Байқоңыр» айлағынан зымырандарды ұшыруға қатысты заң жобасын Сенатқа жолдады

AstanaTV
12.05.2021ж. 20:00
2321
Мәжіліс «Байқоңыр» айлағынан зымырандарды ұшыруға қатысты заң жобасын Сенатқа жолдады

Ресей 2018 жылы «Союз» зымыран тасығышымен болған апат үшін өтемақы төлемеген.  Бұл туралы   Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов мәлімдеді. Сондықтан депутаттар «Байқоңыр» ғарыш айлағынан  «Союз-2» типті зымыран-тасығыштарды ұшыруды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын талқылау барысында  экологияны қорғау  және зымыран-тасығыштардың штаттан тыс құлауы немесе  апат болған жағдайда материалдық залалды өтеу мәселесін көтерді. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин зымыран тасығыштардың апаты салдарынан болған экологиялық залалды өтеудің нақты тетігін әзірлеу қажет деп санайды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің айтуынша, «Союз-2» зымыран тасымалдағышы экологиялық қауіпсіз керосин оттегі отынымен жұмыс істейді. Қоршаған орта нысандарының сынамалары алынып, тұрғындардың денсаулық жағдайына скрининг жүргізіледі.  Келісімшартқа сәйкес тасымалдағыш зымырандардың бөлінетін бөліктерін қабылдау аудандарындағы экологиялық жағдайға мониторинг жүргізуге қазақстандық мамандар мен ұйымдар қатысып, бақылайтын болады.

Бағдат МУСИН, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІ:

Құлау ауданы жылына небәрі бірнеше рет сервитут шартымен қолданылып отыратын болады. 3-6 тәулікті құрайтын бұл кезеңде адамдар мен үй малының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құлау ауданына кіру жабық болады. Қалған уақытта құлау ауданында жүруге және оны жайылым ретінде пайдалануға шектеу қойылмайды. Адамдардың құлау ауданынан тысқары жерлерде тұруы қауіпсіз болып саналады.


Б. Сатуов