$514.94 €583.74 ₽6.13
×

«Қарағанды облысының инвестициялық әл-ауқаты» туралы отырыс

AstanaTV
05.09.2017ж. 20:00
2829
«Қарағанды облысының инвестициялық әл-ауқаты» туралы отырыс

Қарағанды облысы ел бойынша минералды ресурстарды шығарудан бірінші орында келеді. Кенді өлкеде соңғы жылдары ел экономикасының дамуына септігін тигізетін біршама маңызды кәсіпорындар да ашылды. Алайда, өңірге инвестиция тарту жұмыстары әлі де қызу. Облыс әкімдігі де заң шеңберінде аймаққа қаржы құйып, ісін жүргізем дегендерге қолдау көрсетіп отыр. Кәсіпкерлердің өзге ел азаматтарымен іскерлік қарым-қатынас орнатуына жол ашу мақсатында 23-ші сәуір күні «В2В», яғни екі жақты кездесулер ұйымдастырылмақ.  Жалпы облыс әкімдігі әдетте инвесторларға кедергі болатын жер алу, техникалық жағдайлар жасау мен жергілікті қызмет күшін тартуға деген кедергілерді жойып, аймаққа келіп қызмет етем дегендерді құшақ жайып қарсы алмақ.

Бүгін ЭКСПО көрмесі аясында "Қазақ Инвестпен" бірігіп өткізілген шарада орталық Қазақстанның кәсіпкерлер үшін қолайлы тұстары тағы бір аталып өтті.

Алмас Айдаров, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

Қарағанды кәсіпкерлер үшін тұрғындардың көптігімен тиімді. Облыс тұрғындарының саны бүгінде 1 млн 4 жүз мыңға жуықтады. Мұнан өзге біз Астанадан не бары 2 жүз шақырым қашықтықта орналасқанбыз. Жаңа салынған автожолмен, темір жолдар логистиканың жақсы дамып жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар бұл не бары 200-300 шақырым радиустағы 2 млн адам тасымалынан зор пайдаға кенелуге болатын мүмкіндік бар екенін де көрсетеді. Сондай-ақ Қарағанды ел бойынша жалпы өңірлік өнімнің 10 пайызын құрайды.

Аймақта қазірдің өзінде  69 инвестициялық ұсыныс бар. Олардың бағыты да әрқилы. Орайын тапқандарға көл-көсір табысқа жетуге мүмкіндік бар. Мысалы, Қазақстанға жылына 400 мың тонна геологиялық жарылғыш заттар шетелден импортталады. Осыны тап басқан Еркеғали Мұқанов қытайлық инвесторлармен келісіп, 2019 жылы Қарағандыда геологияда пайдаланатын жарылғыш заттар шығаратын зауыт ашпақ. Құжат жұмыстарының барлығы дерлік аяқталған. Қазір қосымша жұмыстар төңірегінде келіссөздер жүріп жатыр.

Еркеғали Мұқанов, кәсіпкер:

Қарағанды облысында өте үлкен зауыттар бар. "Қазақмыс" сияқты, олардың барлығы жарылғыш заттар пайдаланады. Жобалық құны - 25 млн АҚШ доллары. Қытай мен 50 де 50 пайызды құрайды. Қазақстаннан өзіміздің компаниямен кіреміз.