Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Мектептерге мамандандырылған күзет қойылады

AstanaTV
17.05.2021ж. 20:00
2539
Мектептерге мамандандырылған күзет қойылады

Енді мектептерге мамандандырылған күзет қойылады.Себебі, білім беру ұйымдарының басым бөлігі- террористік тұрғыда әлсіз нысандар санатында. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев айтты. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, 408  мектеп күзет мекемелерімен шарт жасасқан. Енді қалғандары да осылай істеуге мүдделі. Білім министрлігі тиісті нұсқаулық әзірлеп жатыр.  Онда терроризм қаупі туған кезде педагогтер мен оқушылардың әрекеті де қамтылады.

Мұрат БАЙМҰҚАШЕВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
 
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қысқа мерзімде білім беру органдарымен бірлесіп, бүкіл мектеп терроризмге қарсы қауіпсіздікке тексеріледі.   Егер бұған дейін мұндай талаптар ұсыныс сипатында болса, енді білім беру нысандары бақылау жүйесімен, мамандандырылған күзетпен, өткізу жүйелерімен міндетті түрде жабдықталуы тиіс.


Сондай-ақ ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанда 4 жарым мыңға жуық деструктивті интернет-контент анықталды. Олардың қатарында экстремизмді, есірткіні, зорлық-зомбылықты насихаттайтын, қару-жарақ сатуды көздейтіндер бар.   Интернет алаяқтық та   белең алып тұр.

Нұрділдә ОРАЗ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:


Елордалық полицейлер азаматтарды интернет желісінде жоқ пәтерді жалға беру туралы хабарландыру жариялап, алдаған алаяқты ұстады. Жалпы соммасы 300 мың теңгеге материалдық шығынға ұшыраған 8 жәбірленушіні анықтады. Сондай-ақ өзгелердің дербес деректерін пайдалана отырып, микроқаржы ұйымдарынан онлайн кредит рәсімдеумен айналысқан Қостанай қаласының екі тұрғыны ұсталды.


А. Өмірзақ