Өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бүгін тағы өзгерді. Коронавирустың таралуы бойынша "Қызыл аймақтардың" қатары толықты. Індет дендеген өңірлердің қатарына Шымкент қаласы мен Атырау облысы қосылды. Айтып өтейін, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары, "Қызыл аймақтан" шағы алмай келеді.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Шымкенттегі эпидемиологиялық жағдай, әсіресе базарда саудагерлерді мезі етті. Жабық сауда орындары, соңғы бір айдан бері демалыс күндері жұмыс істеп жүрген жоқ.
Шаһардың бас санэпидемиологы шығарған сенбідегі қаулысы, нәпақасын базардан айырып жүргендерді сәл де болса қуантып қойған екен. Енді олар екіұдай күйге түсті.
Умида ИБАТОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР, САТУШЫ:
Төрт апта болды суббота воскресенье істемейді. Бір сүйінген едік біз суббота- воскресенье істейді деп, енді тағы «қызыл аймаққа» түсіп қаппыз, тағы істемейміз ба сонда неғыламыз?
Күләпия ТӨРТБАЕВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР, САТУШЫ:
Карантин. Адам жоқ. Сауда бұрынғыдай адамдар базарға келуге де қорқады қазір. +Қазір мысалы үшін бүгін 4 жәшік абрикос әкелсек, 6 жәшік черешня әкелгенбіз. Тұрмыз енді. әлі адам жоқ. бұрын 15-20 жәшіктеп алатынбыз.
Айта кетейін, Шымкент биыл "қызыл аймаққа" осымен үшінші рет кіріп отыр. Сәуірден бері мұнда жағдай құбылып тұр. Соған қарамастан шаһар көшелерінде емін-еркін жүргендер аз емес. Тіпті жасырын отбасылық кештер өткізіп жатқандар да баршылық. Әл-Фараби ауданы аумағында жұмыс істеген мониторингтің топтар қаңтар айынан бері 302 хаттама толтырып, 18 млн теңгеден астам айыппұл салған.
Берік ЖАНАЕВ, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Негізгі бұзылып жатқан талаптар бұл кәсіпкерлік нысандардың санитарлық талаптарды сақталмауы яғни нақтырақ айтқанда кафе ішіндегі отыратын орындықтардың ара қашықтықтың сақталмауы, сонымен қатар тойханалардың той өткізуі, той өткізуін тоқтатпауы, +Сарыға кіруіміз, қызылға кіруіміз негізгі себептері осыда болып отыр.
Айта кетейін, кешеге дейін "сары аймақта" болған үшінші мегаполисте карантин талаптары аса күшейтіле қойған жоқ.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Ал, Батыс Қазақстан облысы 3 айдан бері "Қызыл аймақта" тұр. Өңір атқамінерлері блок-бекеттер қойған еді. Мұның нәтижесі болды ма? Өңірдегі әріптесімге сөз беремін.
Еркін КАРИН, ТІЛШІ:
Иә, Айзада, өңірде індеттің беті қайтпай тұр. Мамыр айы басталғалы 1300 адам коронавирус жұқтырыпты. Қазір күн сайын жүздеген адамнан осы ауру анықталуда.
Мамандардың айтуынша, сырқаттанғандардың дені - бұрын ковидпен ауырғандармен қарым-қатынаста болғандар. Сонымен қатар қоғамдық көлікпен қатынап, базардан шықпайтындар, той-томалаққа баруды доғармағандардың да үлесі сүбелі. Дегенмен, осыдан екі апта бұрын қойылған қала мен облыс аумағындағы блок бекеттер бүгінде алынып тасталды.
Әдемі ХАСАНОВА, БҚО СЭБ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫС ЖӨНІНДЕГІ БАС МАМАН:
Отбасылық мерекелер, туған күн, тойлар сияқты мерекелерді әлі де болса жасауға болмайды. Сонымен қатар, балалардың ойын–сауық орталықтары, жабық бөлмедегі ойын алаңдары, аттракциондар, батуттардың жұмыстарына әлі де болса, тыйым салынған.
Аймақта карантин талаптар күшейтілді. Індеттің беті қайтпаса да кәсібі тоқтап қиналған кәсіпкерлердің жұмысын қайта жалғастыруға рұқсат берілді. Қала базарлары да демалыс күндері жұмыс істей береді.
Еркін КАРИН, ТІЛШІ:
Ал дәрігерлер аурудың бетін қайтару үшін екпе алуға шақырады. Бүгінде 62 мыңға жуық оралдық вакцина алған. Өңірде қатерлі дерттен жыл басынан бері 137 адам қайтыс болған. Қызыл аймақта тұрған Қарағанды облысындағы жағдайды Айжан Қуаш жеткізеді.
Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:
Иә, Еркін. Қарағанды облысы сәуірдің басынан бері қызыл аймақтан шыға алмай келеді. Эпидемиялогиялық ахуал оңалар емес. Күн сайын 300-ге дейін жаңа жағдай тіркелуде.
Дертті жұқтырғандарды азайту үшін сауда үйлері мен базарлар демалыс күндері жұмыс істемейді.
Айгүл ШАТЕКОВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ- ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Мамыр айында ауырушаңдықтың сәуір айының осы кезеңімен салыстырғанда 1, 6 есе өсуі байқалуда. Оның себебі мереке күндері халықтың шектеу шараларын бұзуы болып табылады.
БЛИЦ:
- Былай қарасақ бұл халыққа өте ауыр тиіп жатыр. Неге? Себебі көп шектеу қойылады. Көп шектеулер қойылғаннан кейін халықтың әл- ауқаты нашарлап жатыр.
- Халыққа кішкене той- томалақты қысқарта тұру керек шығар.
Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:
Коронавирус аймақтағы барлық қалалар мен аудандарда тіркелген. Соның ішінде Қарағанды, Теміртау, Саран қалалары мен Абай, Бұқар жырау, Нұра және Осакаров аудандарында өршіп тұр.
А. Қуаш, А. Төребекқызы, Е. Карин