Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Елордада соңғы үш жылда 31 адам суға кеткен

AstanaTV
18.05.2021ж. 20:00
1354
Елордада соңғы үш жылда 31 адам суға кеткен

Елордада шомылу маусымы биыл өз уақытында басталады.  Бірақ  суға түсетін 23 орынның үшеуіне ғана  рұқсат берілген. Олар: «Орталық жағажай», «Три пескаря» және «Астаналық аула» демалыс аймақтары. Тексеру комиссиясы қалған 20 орында адамдардың шомылуына тыйым салып отыр. Бұл аумақтарға ескерту белгілері қойылды. Ескертуді елемегендер айыппұл арқалайды.

Есен БАЙЫРОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жыл сайын рұқсат етілмеген шомылу орындары санының ұлғаю үрдісі байқалады. Оған рұқсат етілген қалалық жағажайлардың саны мен қашықтығының жеткіліксіздігі, қала акваториясы бойындағы жаңа тұрғын үй алаптары мен көпқабатты үйлердің құрылысы, сондай-ақ халық санының артуы себеп болып отыр.

Соңғы 3 жылда Нұр-Сұлтан қаласында 31 адам суға кеткен. Оның - 10-ы бала. Ал 41 адамды құтқарушылар аман алып қалған. Мамандардың айтуынша,  суға кетудің басты себебі – қауіпсіздік ережелерін сақтамау болып отыр.

Б. Сатуов