Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Көкшетауда қару мен жарылғыш зат жасаған жасырын цех анықталды

AstanaTV
19.05.2021ж. 20:00
2074
Көкшетауда қару мен жарылғыш зат жасаған жасырын цех анықталды

Көкшетауда атыс қаруы мен жарылғыш зат жасаған жасырын цех анықталып, оның көзі жойылды. Заңсыз қару-жарақтарды дайындап, өткізумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері құрықталған. Бұл туралы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті хабарлайды. Қылмыстық топтың үш мүшесі қолдан жасалған қару-жарақтың белгілі бір бөлігін сату кезінде ұсталған. Жасырын цех қолға түскендердің бірінің жеке үйінде орналасыпты.

Аркен АБДУҒАЛИ, ҚР ҰҚК РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде заңсыз айналымнан 7 жауынгерлік пистолет, 96 қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, 80 патрон сондай-ақ қару-жарақты модификациялау мен жасауға арналған құралдар алынды. Тергеу жедел іс-шаралары жүргізілуде.

Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің ресми өкілі Аркен Абдуғали, Ресейдің Қазан қаласында болған жағдайды мысал етті. Атыс қарулары қаскүнемдердің қолына түскен жағдайда соңы немен аяқталарын болжаудың өзі қиын дейді.

А. Төребекқызы