Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Қашықтан жұмыс істейтін азаматтардың жалақысы қысқармайды - Мәжіліс

AstanaTV
19.05.2021ж. 20:00
970
Қашықтан жұмыс істейтін азаматтардың жалақысы қысқармайды - Мәжіліс

Қашықтықтан жұмыс істейтін қазақстандықтардың жалақысын қысқартпайды. Мұндай форматтағы жұмыс тәртібі заңнамалық деңгейде бекітіледі. Еңбек Кодексіне енгізілген тиісті түзетулерді бүгін мәжілісте бірауыздан мақұлдады. Бұдан былай, қашықтан жұмыс істеу тек карантин кезінде ғана емес, қалыпты жағдайда да қолданылмақ. Инфекцияның таралуы қызметкерлердің орта есеппен жетпіс пайызын қашықтан жұмыс істеуге ауыстырып, жұмыс режимінің өзгеруіне ықпал етті. Депутаттар жұмыс беруші қызметкерлерін қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтуы тиіс деп отыр.

Жанат ОМАРБЕКОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Егер жұмыскер өзінің коммуникация құралдарын тұрақты негізде пайдаланатын болса, жұмыс беруші өтемақы төлей алады, оның мөлшері, төлеу тәртібі мен мерзімдері тараптардың келісуі бойынша белгіленеді.

Бұдан бөлек, қашықтан жұмыс істеу кезінде пайдаланатын құпия ақпаратты қорғау туралы, шарт жасасу құқығы бекітілді. Қышықтықтан жұмыс істеу тәртібінде жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы байланыс барынша қолжетімді болуы тиіс.

Ғ.Өтемісов