Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

«Jas Otan» жастар қанаты Риддер тұрғындарға көмек қолын созды

AstanaTV
19.05.2021ж. 20:00
933
«Jas Otan» жастар қанаты Риддер тұрғындарға көмек қолын созды

«Nur Otan» партиясы «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері, Риддер тұрғындарға көмек қолын созды. Аймақтағылар қызыл жалын салдарынан үйсіз қалғандарға гуманитарлық жүк жіберсе, жергілікті партиялықтар қаланың қалыпты бейнесін қайтару үшін еңбектеніп жүр. Ал орталық аппараттағылар бір күндік жалақысын аударған еді. «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаевтың айтуынша, көмек алдағы күндері де жалғасады. Еріктілердің ерлігі туралы келесі бейнематериалда.

РИДДЕРДЕГІ ТЖ:

Риддердегі орман өрті, бір адамның өмірін жалмап, 30-дан астам үйді күлге айналдырған еді. Одан бері бір апта өткенімен қала әлі күнге қалыпты өмірге орала қоймады. «Jas Otan-дықтар» «Biz birgemiz» акциясы аясында еріктілер, меценаттармен бірлесіп зардап шеккен тұрғындарға әр өңірден гуманитарлық көмек жіберуді қолға алды.

Санира ЖҮСІПОВА, «JAS OTAN» ЖҚ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Алдымыздағы аптада ғана барлық Павлодар облыстық жастарының атынан жіберілген болатын. Бүгінгі таңда жасотандықтар азық түлігін жинап, екі тонна азық-түлік жинап, осындау пунктті ашқан гуманитарлық. Соған алғысымыз шексіз. Біздің Павлодар қаласы мәслихаттарының депутаттары қалыс қалған жоқ.

Бүгінгі күнге дейін павлодарлықтар 2 тонна азық-түлік жинап берген. Оның ішінде ең қажетті деген керек-жарақтан бөлек, ұн, қант, тұз, макарон өнімдері де бар. Дәл осындай көмекті шымкенттік жасотандықтар да Риддерге жолдады. Олар ыдыс-аяқ, құрылысқа арналған арба да салып жіберген.  

Мағжан ИСАХОВ, «JAS OTAN» ЖҚ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұндағы басты мақсат – ел басына күн туған кезде бүкіл Қазақстан, бүкіл Қазақстанның жастары бір екенімізді көрсету. Аталған іс-шараны марафонды бүкіл қазақстанның жастарына арнайтын боламыз. Осындай кезде бір екенімізді көрсету керекпіз.  


Республикалық «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев көмек мұнымен тоқтап қалмайтынын айтады. Ал Шығыс Қазақстандағы партиялықтар өрттің салдарымен күресіп, жаңа баспана құрылысының жұмысына ат салысып жүр.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «JAS OTAN» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Бірінші күннен бастап 80 ерікті сол жерге бірден аттанып, қазір де сол жерде жұмыс істеп жатыр. Риддер қаласының тұрғындарымен бірге өрт болған жерді тазалап, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазір біз сол еріктілер тарапынан облыс басшылығының үй құрылысына еріктілердің де қатысуын қарастырып жатырмыз.

Айта кетейік, «Jas Otan» жастар қанаты 2000 жылы құрылған болатын. 21 жылдың ішінде, жастардың басын қосқан Қазақстандағы ең үлкен ұйымға айналды.

Ә. Өмірзақ, Ө. Қуанар, А. Төребекқызы