Атырау облысындағы Ескене ауылының халқы да шаңға тұншығып отыр. Олар елдімекенде тұру мүмкін емес дейді. Ауыл тұрғындарын қалаға көшіруді сұрайды. Айтуларынша, іргедегі зауыттан шығатын күкірт иісіне тұншыққандары аздай, дәл осы маңнан енді газ өңдеу зауыты салынып жатыр. Ашлы халық бүгін құзырлы орган өкілдерімен кездесіп, талап -тілектерін жеткізді.
Ескене ауылында бар-жоғы 55 түтін бар. Осыдан 5 шақырым жерде газ өңдеу зауытының құрылысы жүріп жатыр. Бірақ осы жұмыс басталғалы берекеміз қашты дейді тұрғындар.
Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Зауытқа барар жол құрылысы биыл наурызда басталған. Содан бері дауылды шаңнан көз ашпадық,- дейд халық. Жоба қолға алғанда уәдені үйіп-төгіп уәде бергендер сөзіне тұрмады деп өкпелі.
Жобаны қолға алар кезде мердігер де, жергілікті атқамінерлер де зауыт құрылысы халықтың тіршілігіне, денсаулығына еш әсер етпейді деп мәлімдеген. Бірақ оның бәрі жайына қалды дейді тұрғындар. Топырақ тасыған ауыр техникалар ауыл ішінде күндіз-түні жүреді. Жолға су сеуіп жатқан да ешкім жоқ.
Аманжан ҚЫСТАУОВ, ЕСКЕНЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Аудан әкімі де, экологтар да ешқандай шара қолданып жатқан жоқ жұмысшыларға. Бұлар су шашу керек, су шашылып жатқан да жоқ. Күндіз халық топыраққа көміледі. Түнде күкірттің иісі. Бұл ауылда тұру мүмкіншілігі жоқ ешқандай.
Зауытты салып жатқан құрылыс компаниясының өкілі жолға шашатын су тапшы,- дейді. Айтуынша, жақын маңдағы кәріз тазарту қондырғыларынан су алу үшін келісім-шарт енді жасалып жатыр.
Гайдар РАМАЗАНОВ, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯ ӨКІЛІ:
Мақаттан, атыраудан су қай жерден алатынымызға келісімге келіп жатырмыз. Алыс болғаннан кейін суды жеткізе алмай ауру райы осындай ғой. Келгенше водовоздар қанша техника қоссақ та, шашылған су кеуіп қалады.
Жағдайды көзімен көрсе де аймақтың бас экологы құрылыс компаниясына ешбір шара қолдана алмайтынын ашып айтты. Халықтың жазбаша арызы негізінде ғана тексеру жүргізіледі.
Әлібек БЕКМҰХАМБЕТОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
Жоба бойынша уақытша жолдар салынып жатқаны шаң көтерілмеу үшін су себу керек. Сол жұмыстар бүгінгі күні істелмеген. Көріп тұрмыз ғой. Арыздар көбейіп жатса, жоспардан тыс тексеріс ашып, өзіміздің шара қолданамыз. Қазір арыз түспеген. Ауызша айтылған.
Жиналған жұрт әшаңды дауылдан жайылым да құрыды, ауылымыз ит байласа тұрғысыз мекенге айналды",- дейді. Ауылдың болашағынан күдер үзген жастар үйлерін тастап кетуге мәжбүр, қалада пәтер жалдап тұрып жатыр.
Серік ТӘЖІҒАЛИЕВ, ЕСКЕНЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Басты проблема - халықты қалаға көшіру. Себебі бұл жерде ешқандай мүмкіндік жоқ. Не газ жоқ, не жол жоқ. не мектеп, балабақша. Ешқандай жағдай жоқ бұл жерде. Енді топырақ басып жатыр. Оның үстіне «Болашақ» зауыты, одан шыққан түтін , күкірттің иісі, барлығы халықты ауру қылып болды.
Ескенеліктер мұны талай рет айтты. Бірақ мәселе шешілер емес. Билік пен халық бір сөзге келе алмай отыр.
Б.Нәдірқызы