Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Алматыдағы массаж салоны жезөкшелердің ордасы болып шықты

AstanaTV
21.05.2021ж. 20:00
3248
Алматыдағы массаж салоны жезөкшелердің ордасы болып шықты

Алматыда жезөкшелердің тағы бір ордасы әшкереленді. Массаж салонының атын жамылған  студияны Ақмола облысынан келген әйел дөңгелетіп отырған.  Сырт қарағанда еш күдік туғызбайтын  нысанға кіру тәртіп сақшылары үшін оңай болмапты.  Полицейлер ол жерге  тек тұрақты, сенімді клиенттердің кіре алатынын  анықтаған. Қыз-келіншектердің арасында Өзбекстан мен Ресей Федерациясынан келген азаматтар да бар. Қалғаны -еліміздің өзге өңірлерінен келгендер.Үш қабатты ғимаратта клиенттерге заңсыз қызметтер көрсетілген.  

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Салонның иесі 1990 жылы туған В. есімді азаматша. Бұрын ол жезөкшелікпен айналысуға арналған жезөкшелер үйін ұстағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұл жолы оның іс әрекеті ҚР ӘҚбК-нің 450-бабы бойынша сараланды. Өндірістік материалдар сотқа жіберіледі.


Ә. Лесбек