Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Жыл соңына дейін 800-ге жуық ауылда әкім сайлауы өтеді

Жыл соңына дейін 800-ге жуық ауылда әкім сайлауы өтеді

Жыл соңына дейін ауыл-ауданда 800-ге жуық әкім сайланады. Бұл елді-мекендерде көлеңкелі экономиканы азайтуға сеп болмақ. Себебі жергілікті билік халықтың қолына өтеді. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Азаматтық қоғамды дамыту кеңесінде талқыланды. Партия хатшысы Әлібек Әлденей сайлауалды бағдарламада жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірленгенін жеткізді. Оның пікірінше, әкім атқарушы биліктің бел ортасынан шығып, менеджер болуы тиіс.  Осылайша елдегі жалпы ішкі өнімнің де едәуір артуына мүмкіндік туады деп отыр. Сондай-ақ, сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін    дауыс беру кезінде онлайн трансляция өткізу керек екенін атап өтті.

Әлібек ӘЛДЕНЕЙ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:


Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі Жол картасында әрбір тармақ нақтыланды. Олардың бірі – демократиялық реформаларды тереңдету, халықпен кері байланыс құралдарын жетілдіру. Билікті одан әрі орталықсыздандыру үшін ауыл әкімдерін сайлау көзделген. Алдағы науқанға 1 млн 250 мың сайлаушы қатысады.

Ғ.Өтемісов