$518.97 €607.3 ₽6.64
×

«Қазақстандықтар кітап оқуда әлемдік статистикаға кірмейді»

AstanaTV
04.09.2017ж. 20:00
4694
«Қазақстандықтар кітап оқуда әлемдік статистикаға кірмейді»

Қазақстандықтар кітап оқуда әлемдік статистикаға кірмейді. Жамбылдағы жасотандық жастар Шоқан Уалиханов әмбебап ғылыми кітапханасында өткен «Кітап Talks» тақырыбындағы интеллектуалды кеште осыны айтып қынжылды.

Ал әлемде кітапты ең көп оқитын ел ретінде Үндістан көш басында келеді екен. Орташа есеппен алғанда, олар бір күнінің 10 сағат 42 минутын кітап оқумен өткізеді. Одан кейінгі орында Тайланд тұрса, үздік үштікті қытайлықтар толықтырып тұр.

Кітап құмар жастардың басын қосқан жиын «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен облыста алғаш рет өтіп отыр. Басқосуға келгендер өз тәжірибелерімен бөлісті. Басым бөлігі - студенттер.

«Кітап Talks» - Еуропа елдерінің тәжірибесі. Ол «Тедикс» форматындағы жиын.  Яғни ол өз біліміңді өзгемен бөлісу, кітап таңдаудағы тиімді жолдарды көрсету. Кешті «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Уалихан Болатбек жүргізді.

Уалихан Болатбек, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ төрағасы:

Жалпы, бұл шараны айына 1 рет өткізу жоспарланып отыр. Әр түрлі спикерлерді шақыратын боламыз. Әр түрлі спикерлер әр түрлі тақырыптарды кітапқа байланысты өз ойларын білдіретін болады. «Тедикс» дегеніміз жалпы Еуропада басталған дүние. Қазіргі «Тедиск Алматы»,  «Тедикс Астана» деген сияқты арнайы лекциялар болып өтеді. Енді біз «Кітап Толкс» деп алып отырғанымыз - бізде негізгі кітап туралы ой айтылатын болады.