$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Төртінші «Алтын тұлпар» аламан бәйгесінің жеңімпазы анықталды

AstanaTV
04.09.2017ж. 20:00
2725
Төртінші «Алтын тұлпар» аламан бәйгесінің жеңімпазы анықталды

Төртінші «Алтын тұлпар» аламан бәйгесінің жеңімпазы анықталды. Жамбыл облысының «Самал» атты жүйрігі барлығын шаң қаптырып кетті. «Ол осыдан екі жыл бұрын да жеңімпаз атанған. "Алтын тұлпардың" бас бәйгесі - 10 миллион теңге. Алдыңғы келген тоғыз жүйрікке де қаржылай сыйақы берілді.

«Нұр Отан» партиясының бастамасына «Samruk-kazyna trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры демеушілік білдірді. «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен «EXPO-2017» халықаралық көрмесі аясында өтті. Олардың айтуынша, биылғы сайыста бір айналым қысқартылып, 7 шақырымды құраған. Бәйгеге 14 облыстың әрқайсысынан 10 сәйгүлік қатысты.

Ерлен Әбілханұлы, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті:

Жылда өтетін дәстүрлі бәйге ғой. 51 шақырымға. Біздің бұл бәйгенің негізі мақсаты қазақы аттарға арналған. Өйткені ұзақтыққа, былайша айтқанда, полевые условияда шабуға арналған. Біздің өзіміздің қазақ тұқымыды, қазақы аттарды шығарайық, өзіміздің дәстүрлі бәйгемізді жандандырайық деген мақсатта ұйымдастырылып отыр.