$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Маңғыстау облысындағы "Соңғы қоңырау" шарасы жаппай төбелеспен аяқталды

AstanaTV
25.05.2021ж. 18:43
1439
Маңғыстау облысындағы "Соңғы қоңырау" шарасы жаппай төбелеспен аяқталды

Бейнеу ауылындағы екі мектептің оқушылары төбелескен. Куәгерлер түсірген видеодан орта мектеп оқушыларының айқайлап жатқанын көруге болады.  Полиция бөлімінің хабарлауынша, қырғыннан кейін бөлімшеге жеті адам жеткізілген. Аталған факт "Бұзақылық" бабы бойынша тіркелді.

Әйгерім ИБАТУЛЛАЕВА, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ДП БАС ХАТШЫСЫ:

Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылында сағат 11:00 шамасында Ж.Қалдығараев және Ы.Алтынсарин атындағы мектеп оқушылары арасында төбелес басталды.  7 адам оқиға орнында ұсталып, мән-жайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді.  Зардап шеккендер жоқ.


Б. Саутов