Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Елордалықтар "масаның мазағына қалдық" деп наразы

AstanaTV
25.05.2021ж. 20:00
1478
Елордалықтар "масаның мазағына қалдық" деп наразы

Елордалық тұрғындар "масаның мазағына қалдық" деп наразы. Күн ысығаны сол еді, саябаққа барып, аулада жүруден қалдық дейді. Ал спортшылар сыртта жаттығудың өзі қиынға түсіп жатқанын айтады.  Редакциямызға түскен осы шағымнан кейін әріптесім Әлішер Өмірзақ спорт алаңдарының біріне барып, жағдайды  көріп қайтты. Масамен күресу мақсатында әкімдіктің не істеп жатқанын біліп, аллерголог кеңесін тыңдады. Мобильді сюжетке назар аударайық.

Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТІЛШІ:

Жаздың күні қолжетімді спорт түрінің бірі – футбол. Мына секілді алаңды ақыға жалдап немесе аулада тегін ойнауға болады. Бірақ бір проблема бар, мынадай масалардың көптігі.

Бас қаладағы жағдай осы. Көлемі кішкентай болса да аяқ алып жүру қиын, әсіресі «Жағалау» шағын ауданында. Түрлі медициналық қорғану құралдары көмектеспеген соң түрлі әдіске барасың.

Ал бұл өз кезегінде емін-еркін жаттығу жасап, жақсы нәтиже көрсетуге кері әсерін тигізеді. Онсыз да ақсап тұрған қазақ футболына тағы бір соққы дерсіз.  

Назар НАЙЗАБЕКОВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

Қыста мұндай мәселе көтерілмейді, өйткені залда жаттығамыз. Өздеріңіз көріп тұрғандай маса өте көп, сондықтан жігіттер де толық 100% беріліп ойнай алмайды, сондықтан осы жағын реттесе деген үміттеміз.

Алаң иесі дезинсекция жасатса үлкен шығынға бататынын айтып ақталды. Маусымдық әрі  шағын бизнес болған соң  масамен күреске  жергілікті билік қол ұшын созса дейді.

Торпы МҰХАН, ФУТБОЛ АЛАҢЫНЫҢ ӘКІМШІСІ:

Дезинфекция жасап көрдік, бір күн, бірақ өте көп қаржыға түсті, 100 мың теңге шамасында. Оны бір емес бірнеше рет  жасау қажет дейді дезинфекторлар, бірақ үлкен қаражат қой. Бізге әкімшілік көмек берсе. Бізде кішкентай балаларда да ойнайды, тұрғындар да. Әкімшілік көмек беріп, екі жақтап бітірсек.


Әкімдік масамен күрес жүргізіп жатыр. Нәтиже де жоқ емес, бірақ тым ұсақ  жәндік тез көбейеді дейді, оларды толық жойып тастауға тағы болмайды.

Жанар БЕСКЕМПІРОВА, «НҰР-СҰЛТАН Қ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ БАСҚАРМАСЫ» ММ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Масаның бір аналығы 400 личинка сала алады. Біздің негізгі мақсатымыз олардың санын азайтып, адамдардың мазасына тимейтіндей ету.


Ал дәрігер-аллергологтар  масалар қауіпті инфекциялық ауруларды тасымалдамайды дейді.  Сондықтан мейлінші сақтануға шақырады.  

Ә. Өмірзақ