Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Коронавирус туралы барлық мәлімет ақпараттық порталға жинақталған

AstanaTV
26.05.2021ж. 20:00
2174
Коронавирус туралы барлық мәлімет ақпараттық порталға жинақталған

Коронавирус инфекциясымен күресуге арналған ақпараттық портал үздіксіз жұмыс істеп тұр.  Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі айтты. Онда індеттен сақтануға қатысты мәселелер мен мемлекет қабылдаған шаралар туралы ресми деректер жинақталған. Сондай-ақ Аида Балаева пандемия кезінде бұқаралық ақпарат құралдары COVID-19 туралы жалған жаңалықтармен қалай күрескені туралы айтты. Министрдің айтуынша, 1200-ден астам жалған дерек теріске шығарылған.

Аида БАЛАЕВА, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

Пандемия басталғанда халық шынайы, дәлелді ақпарат алуы үшін  нақты ресурс қажет болды. Сондықтан сайт жасалды, оған бөлек Telegram-арна ашылды. Ондағы оқырмандар саны - 240 мыңға жетті, бұл   ресурстың өзектілігі мен танымалдығын көрсетеді.Бүгінде оған күн сайын 80 мың пайдаланушы кіреді.


А. Данияр