$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Әйелдер жасыл экономиканың дамуына үлес қоспақ

AstanaTV
31.08.2017ж. 20:00
2557
Әйелдер жасыл экономиканың дамуына үлес қоспақ

Әйелдер жасыл экономиканың дамуына ерекше үлес қосуы қажет. Бұл туралы бүгін «Әйелдер болашақтың энергиясын қолдайды» атты халықаралық форумында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова баса айтты. Бұл ауқымды шара ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің аясында өткізілді. Екі күндік форумға әлемнің 25 елінен 300 астам делегат қатысып жатыр.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

Бүгінде адамзат 4.0. индустриясының трансформациялық фазасына аяқ басты. Елбасы 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында сол жылға қарай баламалы және жаңаратын энергия үлесін 50 пайызға дейін жеткізу міндетін қойып отыр. Әйел энергиясы - өте таза әрі жасампаз энергия. Біз адамзаттың жасыл экономикаға ауысуы және баламалы энергетиканы қолдану ісіне ерекше үлесімізді қосуға тиіспіз.