Оралда көпқабатты үйде тұратын көршілер бір-бірімен төбелесіп, масқара болды. Облыстық полиция департаменті хабарлағандай, аулада ойнап жүрген балалар бір-бірімен сөзге келген. Кейін олардың дауына ата-аналары араласыпты.Бір үйде тұратын көрші келіншектердің арасындағы ұрыс-керіске күйеулері де қосылған көрінеді. Жанжалдың соңы төбелеске ұласып, ашуға мінген қызуқанды жігіттер бір-біріне жұдырықтасып, қым-қиғаш болған. Оларды тәртіп сақшылары әрең ажыратып алды. Ойын баласы үшін бір-бірінің бет-аузын қан қылған көршілердің енді қалай татуласары беймәлім.
Мөлдір САДЫРҒАЛИЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:
Төбелес кезінде бірнеше адам түрлі жарақат алған. Қазір осы оқиға бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің «бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір жанжалға қатысушылар мен куәгерлер сұралып жатыр.
Е. Карин