Бірнеше оңүстікқазақстандық денсаулығына шағым айтып, «Нұр Отан» партиясынан көмек сұрады. Билік партиясының аймақтағы филиалында өткен кезекті қоғамдық қабылдауда азаматтардың шағымы мен тілегін еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысы Әсия Темірбаева тыңдады. Жәрдем сұрай келгендердің бірі - 3-ші топтағы мүгедек Айткүл Тулағанова.
Айткүл Тулағанова, ОҚО Сайрам ауданының тұрғыны:
Мені декабрьде машина қағып кеткен, авария болып. Сөйтіп аяғым, қолым сынған, басым зақымданған, содан 3-группамен пенсияға шықтым. Қайта-қайта құлап қала берем, басым, қолым неғылады, жұмысқа жарамаймын.
Қоғамдық қабылдауға арнайы жазылғандардың енді бірі мүгедектік санатынан мүлдем шығарылып тасталғанына шағым айтты. Әсия Темірбаеваның жеке қабылдауына жазылғандардың тағы бірі денсаулығына байланысты мүгедектік топқа өтудің заңдылықтарын сұрады. Азамататтардың өтінішін мұқият тыңдағандар заң аясында кеңестер беріп, бірқатарын алдағы аптада облыстық комиссияның қарауында қарауға уәде етті.
Әсия Темірбаева, ОҚО еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің басшысы:
Әрине,
айту керек, келген азаматтардың барлығы бірдей мүгедектікке алатын немесе
соған лайықты деп айту өте қиын. Бірінші кезекте айтарымыз денсаулық сақтау
саласындағы емдеу мәселесін бірінші кезекте көтеру қажет. Ары қарап, егер де
оның нәтижесі шықпаған жағдайда, біз өзіміздің тарапымыздан мүгедектік тобына
жолдап, оған тиісті медициналық және әлеуметтік оңалту шараларын біз
бақылауымызда болатынын айтқым келеді.