$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Сенатор ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруды ұсынды

AstanaTV
27.05.2021ж. 20:00
2042
Сенатор  ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруды ұсынды

Елімізде 21 миллион  гектар   жер тозған.  Сондықтан өңірлер жайылымдық жер таппай қиналып отыр.    Бұл туралы бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Сұлтан Дүйсембинов Үкімет басшысының атына сауал жолдады. Жер мәселесін ұлттық деңгейдегі маңызды жоба ретінде жүйелі түрде қарастырмаса жайылым мәселесі шешімін таппайды дейді ол.   Сенатордың айтуынша,  жайылым мәселесін шешу үшін  ұзақ мерзімді басқару жөнінде жоспар бекітіп,  пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтару  керек .

Сұлтан ДҮЙСЕМБИНОВ, ҚР СЕНАТ ДЕПУТАТЫ:

Жайылымдарды ұзақ мерзімге, басқару жөніндегі жоспарларды бекіту. Қоғамдық пайдалану шарттарын айқындау. Пайдаланушылардың бірлестігін құру және оған жеке ауылдағы ауыл шаруашылығы жануралары иелерін кіру міндеттігін қарастыру. Жайылым билетін енгізу және мал басына қарай пайдаланудың ақылы болуын енгізуді ұсынамыз.

Сенатор  ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруды ұсынды. Қазір  дамыған елдердің барлығы ауыл шаруашылығында кооперация құрып, оны пайдаланып отыр. Бұл ауылдық жерлерде еңбек өнімділігін арттыруға, қала халқын сапалы жəне арзан азық-түлікпен қамтамасыз етуге, тұрақты жұмыс орындарын ашуға   ықпал етеді– дейді.

Сұлтан ДҮЙСЕМБИНОВ,  ҚР СЕНАТ ДЕПУТАТЫ:

Бүгінде ауылдық елді мекендерде мал шаруашылығы өнімінің 66%-ы өндіріледі. Бірақ мұндай орасан биологиялық актив мемлекеттік қолдаудан тыс қалып, заманауи технологиялық процестерге тартылмай отыр. Жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтендіру бойынша жүргізілген жұмыстар дұрыс үйлестірілмегендіктен нәтижелі болмай отыр.


Б. Сатуов