Қостанайда жергілікті дәмхана жертөлесінен казино анықталды. Жасырын ойынханада крупье, даяшы және өзге де адамдар жұмыс істеген. Олар құмар ойынға ақша тігетін азаматтарға қызмет көрсеткен көрінеді. Астыртын казиноға кіру құны 5 мың теңге болған. Келушілерге ыстық тамақ, шай-сусын тегін берілген. Тексеру барысында арнайы ойын жабдықтары тәркіленді.Күдіктілерге қатысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Гүлмира ЖҰМАҚОВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны үшін мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
З. Санай