Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

«Қауіпсіз қала» республикалық шара басталды

AstanaTV
28.05.2021ж. 20:00
1271
«Қауіпсіз қала» республикалық шара басталды

Қазақстанда жыл сайын өтетін «Қауіпсіз қала» республикалық шарасы  басталды. Барлық өңірлерден 800 волонтер көшеге шығып, ашық люктер мен қоршалмаған су қоймаларын анықтайды Бұл іс-шараны  «Nur Otan» партиясы   ұйымдастырып отыр. Басты мақсат – бүлдіршіндердің өмірін қауіпсіз ету.  

Жыл сайын 1200-ге жуық бала терезеден құлап, су қоймалары мен ашық құдықтарға түсіп, ажал құшады.   «Қауіпсіз қала» шарасы осындай қайғылы жағдайдың алдын алуға, азайтуға  бағытталған.    

Динара ЗАКИЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Қарап тұрсақ,  1 аптаның ішінде  100 құдықтың  беті жабылды. «Jas Otan»-ның волонтерлері, «Nur Otan»  партиясы мен  Төтенше жағдайлар департаментінің бірлескен   жұмыстарының нәтижесінде  100 бала ажалдан аман қалғанына сенімдімін.

Мамандардың сөзінше,құдықтардың ашық болуына себеп көп.Бірақ, көбіне   қақпақтары қолды болады. Металл өткізу бөлімдеріне оларды қабылдауға  тыйым салынса да, тосақауыл болмай тұр.

Мадияр ТҰҚПАТОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ АЛМАТЫ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ӨМІРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ҚОЛДАУ БӨЛІМІНІНІҢ БАСШЫСЫ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Әкімнің үкімі бойынша біз қазір сынықтарды, шойыннан жасалған бұйымдарды, қақпақтарға қабылдауға тыйым салдық. Бірақ, тыйымға құлақ аспай темірді қабылдайтын кәсіпкерлер бар.Мұнымен арнайы айналысатын адамдар бар.


Биыл «Қауіпсіз қала» шарасы  3-маусымға дейін жалғасады. Осы мерзім ішінде  «Jas Otan» жастар қанатының волонтерлері ашық қалған құдықтарды тауып қана қоймай, балалардың терезеден құлап кетуінің жиілегеніне байланысты ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.   

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


#BIZBIRGEMIZ волонтерлері балаларға қай жерден қауіп келетінін алдымен анықтаймыз. Яғни, ашық люктер, жоғары вольтті ашық тоқ көздері, ашық құрылыс нысандары қауіп көзі болуы мүмкін. Көп жағдайда осы жерлерде қайғылы жағдай, тіпті өлім жағдайлары болып жатады.


Нұржан Жетпісбаевтың айтуынша, ашық құдықтарды  іздеу жұмысы мәселе түбегейлі шешілгенше жалғаса береді.  Айта кетейік, егер сондай жағдайды сіз де байқасаңыз, еліміздің барлық өңірінде   арнайы сервистік орталықтар  бар, хабарласыңыз.
 
Л.Қуанышқызы