$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде адасқан жеті адамның үшеуі табылды

AstanaTV
28.05.2021ж. 20:00
3456
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде адасқан жеті адамның үшеуі табылды

Түркістан облысындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жоғалған 7 адамның үшеуі  аман-есен табылды. Тікұшақпен шолу кезінде құтқарушылар оларды бүгін   Өгем шатқалының  төменгі жағындағы жырадан байқаған.

Шатқалдың етегіндегі студенттерді құтқаруға екі тікұшақты қатар пайдалануға тура келіпті. Оның бірі Алматы қаласынан арнайы шақыртылған. Әуе техникалары отыз метр биікте қалықтап тұруға тура келген.  Өйткені бұл аумақ қонуға қолайсыз болған.  Аман-есен табылған үшеу -Ақтөбе, Орал, Жезқазған өңірінің тумалары. Қазір олардың жағдайлары қанағаттанарлық, медициналық көмекке мұқтаж емес. Психологиялық жағынан да қажет етпейді,- деді төтеншеліктер.

Ерік САРЫБАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Белгілі болғанындай осыдан үш күн бұрын қалған төрт азамат бұл кісілерден басқа бағытқа қарай бөлініп кеткен. Айтуларынша, олар сол Сайрам-Өгем шатқалының төмен жағына қарай бағыт алған. Қазіргі таңда екі тікұшақ та іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Және басқа да алдында айтып кеткен алты бағытқа кеткен құтқарушыларымыз бар, жұмылдырылған күш пен құралдардың барлықтары жұмыстарын жалғастыруда.   

Құтқарылғандар Төлеби ауданында орналасқан жедел штабқа   жеткізілді. Олар  екі күннен соң қайтар жолда   адасып қалғандарын айтты.  Араларындағы біреуі сырқаттанып қалғаннан соң екіге бөлінуге тура келген.

Кейін жеті адамның біреуі бір кісі ауырып қалды. сол үшін үшеуі бір орында қалды да төртеуі әрі қарай кетті. Біз үшеуміз үш күн түнедік сол жерде. Сосын бүгін шығып келе жатқан кезде бізді тауып алды МЧС қызмектерлері. Барша осы жұмысқа атсалысқан адамдарға алғысымызды айтамыз

Құтқарушылар қалған 4 азаматты іздестіру жұмыстарын әлі де жалғастырып жатыр. Төтеншеліктер жастардың адасуын кәсіби маман болмауынан дейді. Оның үстіне соңғы аптада ауа-райы   қолайсыз, қар жауып, жолдарды жауып қалған.  

А. Төребекқызы