Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қуаңшылық аралдықтарды қыспаққа алды

AstanaTV
01.06.2021ж. 20:00
3100
Қуаңшылық аралдықтарды қыспаққа алды

Қызылорда облысы Арал ауданының тұрғындарын қуаңшылық қыспаққа алды. Ауданға қарасты Аманөткел ауылының халқы биыл жаңбыр көрмеген. Айтуларынша қыста қар да болмапты. Осының салдарынан жерге көк шықпаған. Қазір мал көтерем болған. Ауылда мал ішетін су да жоқ. Су іздеген төрт түлік Қамбаш көлінің маңайында батпаққа батып, арам өліп жатқанын айтып дабыл қақты.

Мақсұт ЕРАЛИЕВ, АМАНӨТКЕЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Он шақтыдай майда көл бар, Қамбаш көлімен. Бәрі тартылып кеткен. Шөп шықпай қалған, қуаңшылық. Бұл жерде халықтың да, малдың да жағдайы нашар. Мал батпаққа батып өліп жатыр шетінен. Су қайтып кетті, балықтарды да аулауға мүмкіншілік жоқ. Көлден иіс шығып кетті.

М. Тоқтасынқызы