Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Мозамбикте 20 мыңға жуық бала терроризмнен зардап шегуде

AstanaTV
01.06.2021ж. 20:00
1132
Мозамбикте 20 мыңға жуық бала терроризмнен зардап шегуде

Мозамбикте мыңдаған бала лаңкестік әрекеттерден зардап шегіп отыр. Осының салдарынан олар отбасыларымен бірге Отанын тастап кетуге мәжбүр. Ал, Кабо-Дельгадо провинциясы кедейлік пен аштықтан ғана емес, террористер мен үкіметке қарсы көтерілісшілер арасындағы қақтығыстардан да жапа шегуде. Жиі шабуылдар салдарынан қала қирап, 47 мыңнан астам адам үйсіз қалған. Оның 20 мыңға жуығы - бала. Дені - аш-жалаңаш. Елде дәрі-дәрмек пен  қажетті тауарлар да жетіспейді.

Бізде егін егуге болар еді. Алайда енді бүкіл отбасындағы 13 адам, әкеміздің тапқан  табысымен ғана өмір сүрудеміз. Біз күніне үш рет тамақтанатынбыз. Бірақ қазір екі-ақ рет. Бізде таңдау жоқ. Кедейліктен қашан құтылып, оқуды қашан жалғастырарымыз белгісіз.

Б. Сатуов