Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Атырауда 280 орындық балабақша пайдалануға берілді

AstanaTV
01.06.2021ж. 20:00
1487
Атырауда 280 орындық балабақша пайдалануға берілді

Бүгін Атырауда 280 орындық балабақша пайдалануға берілді. Екі қабаттан тұратын замануи әрі зәулім  ғимаратты облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов ашты. Сондай-ақ аймақ басшысы мамандандырылған балалар үйі тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтап,  екі сәбидің тұсауын кесті.

Бүгінгі мерекеге  мамандандырылған балалар үйі тәрбиеленушілері ерекше дайындалған. Қызылды-жасылды киінген, жүздері бал-бұл жанады.  Қазір мұнда  бір мен төрт жас аралығындағы 24 сәби тәрбиеленуде. Аймақ басшысы енді ғана тәй-тәй басуға талпынып жүрген екі сәбидің тұсауын кесті. Қос бөбек те қазақтың ұлттық аспабы домбыраны таңдады.

Бүгін сондай-ақ өңірде 280 орындық  «Ақсұңқар» бөбекжай-балабақшасы пайдалануға берілді.

Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:


Балаларды қорғау күні, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында осындай керемет тарту болып жатыр. Құтты болсын деймін. Биыл 11 балабақша салынып жатыр. Соның 11і тапсырылу керек. Балаларымызға тәрбие алуға, білім алуға жағдайын жасату бағытында жасалып жатқан жұмыс.

Бұл жаңалыққа   Водников ауылының жұрты  ерекше қуанды. Себебі,  3 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекеннің балалары бұған дейін қаланың әр жеріндегі бақшаға баратын. Енді жақын жерде бой көтерген еңселі  ғимаратта балалардың дамуы  үшін қажеттінің бәрі бар.  

Райхан БӨЛЕСОВА, ВОДНИКОВ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұрын немерелерімізді алысқа таситын едік. Енді қазір іргеден әкеп тапсыратын болдық. Көрші-қолаң бәріміз қуанып жатырмыз.  Бүкіл Водников қуанып жатыр.

Облыста 5 жылда 53 балабақша салу жоспарланған.Соның 11-і биыл пайдалануға беріледі. Аймақ бойынша 18 мыңға жуық бала балабақша  кезегінде тұр.

Б.Нәдірқызы