Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Арнайы және инклюзивті білім беру орталығында мерекелік шара өтті

AstanaTV
01.06.2021ж. 20:00
1299
Арнайы және инклюзивті білім беру орталығында мерекелік шара өтті

Балаларды қорғау күніне орай, Алматыдағы арнайы және инклюзивті білім беру орталығында да мерекелік шара өтті. Жиын барысында осыдан екі ай бұрын, мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер арасында жарияланған, «Біздің таланттар» шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды. Инклюзивті білім беруді дамыту орталығы - жүзден жүйрік балғындарды марапаттады. "Біздің таланттар" музыкалық-шығармашылық байқауына ел аумағынан 100-ден аса бала қатысқан. Олар өзара би, сурет салу, қойылым қою сынды өнер түрлерінен бақ сынасты.

Әйгерім КҮДЕРИНОВА, МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ АРНАЙЫ ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ ҰҒП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
 
Бүгінгі шарамыз балалардың құқықтарын қорғау мейрамына арналған. Біздің орталықта 70-тен астам бала реаблитациядан өтеді. Балаларға сыйлық беруге тырысып жатырмыз. Біріншіден біздің орталықтың мақтау қағаздары. Одан кейін  балаларға ойыншықтар мен тәтті сыйлықтар.

Ә. Лесбек