Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Өткен жылы бала тәрбиесіне немқұрайлы қараған 5 мың ата-ана жауапкершілікке тартылды

AstanaTV
01.06.2021ж. 20:00
1447
Өткен жылы бала тәрбиесіне немқұрайлы қараған 5 мың ата-ана жауапкершілікке тартылды

Өткен жылы 5 мыңға жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың барлығы бала тәрбиесіндегі өз міндеттерін орындамағаны үшін жазаланған. Тіпті мыңға жуығы, ата-ана құқығынан айырылыпты. Жазықсыз балалар жетімдер үйіне немесе туыстарының қолына өткен. Тек бұл емес, отбасыдағы кейкілжің себебінен жүзден астам бала терезеден секіріп, 200ге жуығы көлік астына түсіп мерт болған. Мұндай деректермен бүгін Үкімет отырысында Ішкі істер министрі бөлісті. Ол жағдайды реттеу үшін кешенді жоспарлар әзірленетінін жеткізді.

Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ,  ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Бірақ полицейлердің шараларымен ғана жағдайды өзгерту мүмкін емес. Мәселені шешу үшін кешенді тәсіл және барлық мүдделі органдардың қатысуы қажет.

Ғ. Өтемісов