Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қаржылық пирамидасының жарнамасына қатысқан танымал тұлғаларды жауапкершілікке тарту қажет - Депутат

AstanaTV
02.06.2021ж. 20:00
1147
Қаржылық пирамидасының жарнамасына қатысқан танымал тұлғаларды жауапкершілікке тарту қажет - Депутат

Қаржылық пирамиданың жарнамасына қатысқан, танымал тұлғаларды жазалау қажет. Мәжіліс отырысында депутат Юрий Ли прокуратураға осындай ұсыныс жасады. Оның айтуынша, соңғы үш жылда алаяқтардың қылмысынан, 10 миллиард теңгеден астам шығын келген. Тіпті, қаржылық ұйымдардың жарнамасына ақ-қарасын ажыратпай қатысқан елге белгілі азаматтар тым көп деп отыр. Депутат бақылауды күшейтуге шақырды.

Юрий ЛИ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі осы қылмыс түріне байланысты жаңа оқиғалар жарияланып келеді.  Ал танымал адамдар тек жұртты ғана адастырмай, өздері де алданып қалғандарын айтып жүр. Мұның алдын алу үшін жауапкершлік пен бақылауды күшейте түсу қажет.


Ғ.Өтемісов